Желтоқсан айының 8 күні Көкшетау қаласының «Жұлдыз» балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайту факторы дене тәрбиесі болып табылады» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың дене шынықтыру нұсқаушыларына арналған қалалық семинар-практикумы өтті. Мақсаты: мектепке дейінгі мекемеде баланың денсаулығын сақтаудың, салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен бала денсаулығын шыңдаудың мүмкіндіктерін қарастыру. Семинар бағдарламасы бойынша мектепалды тобымен «Мектепке дейіңгі мекемедегі балалардың ритмика арқылы физикалық даму ерекшеліктері» тақырыбында дене шынықтыру нұсқаушысы Акимжанова Жазира Бекахметқызы ҰІӘ көрсетті. «Нұрай» балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы Тлеуленов Нурлыбек Туребекұлы «Балабақшаның спорттық-сауықтыру жұмысы» презентациясын ұсынды. Дене шынықтыру нұсқаушысы Темирбулатова Айгерим Саятқызы «Мектепке дейіңгі мекемеде дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекетте инновациялық технологияларды қолдана отырып балалардың қызығушылықтарын арттыру» атты шеберлік-сыныбын ұсынып инновациялық технологиялар арқылы дене шынықтыру нұсқаушылармен әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып ойындар ойнатты. Ересек тобының тәрбиешісі Молдахметова Гүлмайра Таласқызы мен мектепалды тобының тәрбиешісі Меркушина Галина Викторовна «Балалармен дене сауықтыру жұмыстарын жүргізудің тиімді әдістері мен тәсілдері» атты тақырыбында өз қолдарымен жасалған сауықтыру материалын пайдаланып, сондай-ақ аурулардың алдын алу, психикалық денсаулықты нығайту және денені сауықтыру мақсатында жаттығулар кешенін көрсетті. «Арман» бөбекжай-бақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы Мадиева Айгуль Турганбекқызы жаңа үлгі бойынша перспективтік жоспар мен циклограмма құрылымы бойынша айтып өтті. Қоғамдық қауымдастығының жетекшісі Накенова Күляй Есмаганбетқызы семинарды қорыта отыра талдау жасап, семинар соңында педагогтар өздерінің жылы пікірлерін білдірді.