Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Көкшетау қаласының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
Балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлау, сонымен қатар эмоционалдық серпіліс тудыру, ұжымдық рух пен білім алуға қызығушылықты қалыптастыру мақсатында 2023 жылдың 1 қыркүйегінде ересектер және мектепалды топтарының арасында Білім күніне арналған «Мен әріптер мен сандарды үйрену үшін балабақшаға барғаныма қуаныштымын» атты салтанатты іс-шара өтті.
2023 жылдың 5 қыркүйек күні балабақшамызда Тілдер апталығы ашылды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Абишева Гүлмира Ертайқызы тәрбиешілермен, мамандармен бірлесе отырып, төмендегідей жұмыстарды атқарды.
- балалар және ата-аналардың қатысуымен «Ана тілің-арың бұл» атты мәнерлеп оқу челенджі өткізілді;
- ересектер топтарының арасында «Қазақ ою-өрнектері әлемі» атты киізден, моншақтардан, жіптерден, жүннен жасалған қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Мектепалды топтарында «Тіл – халықтың жаны» атты ұйымдастырылған іс-әркет өткізілді, дене шынықтыру нұсқаушылары ортаңғы, ересектер және мектепалды топтарында «Жайлауға саяхат» атты ұлттық ойындар өткізді. Мектепалды тобының тәрбиеленушілері Отан туралы мақал-мәтелдер жатқа айтты.
Барлық топтарда «Ана тілім – туған тілім» тақырыбында әңгіме жүргізіліп, ортаңғы, ересек топтардың арасында «Халқымызда бір. Елімізде бір!» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.
«Қазақстан Республикасы күні» мерекесі туралы түсінік қалыптастыру, сонымен қатар бұл мерекенің ел үшін мәні мен маңызын түсіндіру. Туған өлкенің құндылығы мен сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту; еліңнің өткені мен бүгініне деген қызығушылықты дамыту.
25 қазанда Республика күніне арналған келесі іс-шаралар өткізілді: «Менің елім, менің жерім» презентациясы арқылы топта тақырыптық ҰІӘ өткізілді, барлық топтардың тәрбиеленушілері «Бір шаңырақ астында» челленджіне қатысты,
Балабақшада «Өзіңе арнала жырларым!» атты мәнерлеп оқу сайысы, «Менің Қазақстан!» музыкалық фестивалі өтті, онда біздің балалар ән айтып, би билеп, дирижерлық, оркестр орындау арқылы өз өнерлерін көрсетті, сонымен қатар балалар «Туған жерім менің Қазақстаным» атты сурет көрмесіне белсенді қатысты. Дене шынықтыру нұсқаушылары «Қазақтың ұлттық ойындары» атты ойын-сауық өткізді.
Біздің балалар Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсияға барды. Балаларға экскурсия өте ұнады және туған жеріміз туралы көптеген қызықты және танымдық мәліметтер алды.