Балабақшада Отан қорғаушылар күніне арналған ашық сабақ өткізу – бұл кішкентай бүлдіршіндердің патриоттық сезімдерін оятуға және олардың қоғамдағы және отбасындағы қорғаныс қызметтерінің маңыздылығы туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектеседі. Мұндай іс-шараларды қызықты және түсінікті түрде ұйымдастыру үшін ойын элементтерін, визуалды материалдарды және интерактивті әрекеттерді пайдаланған жөн. 7- мамыр «Отан қорғаушылар», 9- мамыр «Жеңіс күні» мерекесіне байланысты өткізілетін іс-шаралар жоспары құрылып, мерекені атап өттік. Мерекеге 274 тәрбиеленуші, 33 педагог ат салысып, өз жұмыстарын атқарды.
МАҚСАТЫ: Жеңіс күні туралы түсінік беру. Батыр аталарымыз бен апаларымыздың ерліктерімен таныстыру. Балалардың ақыл-ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын дакмыту. Балаларды ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке , елін, жерін сүйетін
батыл азамат болуға тәрбиелеу.
балалардың қазақ халқының мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне қызығушылығын ояту, Отанды сүюге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
2023-2024 оқу жылы 7- мамыр «Отан қорғаушылар», 9- мамыр «Жеңіс күніне» өзгеше өткізілді.
Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға,ерлікке, адал, батыл болуға жоспарға сай
«Ұлы Жеңіс мәңгі есімде» атты тақырыптық сабақтар өткізілді. «Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды» ата-аналармен бірлесіп бейне құттықтаулар жұмыстары жүргізілді.
«Отан қорғаушылар» ересек топтар арасында эстафеталық ойындар өткізілді.
Балабақшаның мектепалды топтары, тәрбиешілері, денешынықтыру нұсқаушылары, музыка жетекшілерімен «Желбіре, Жеңіс жалауы!» атты сап түзеу өткізді.