Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз»  балабақшасы МКҚК
ГККП детский сад «Жулдыз» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психикалық дамуы тежелген оқушылармен жүргізілетін түзету-дамытушылық жұмыстары

20.02.2018

2018 жылдың 16 ақпанында Көкшетау қаласындағы логопед- мұғалімдердің қалалық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектебінде логопед, дефектолог мұғалімдеріне арналған әдістемелік көмек көрсету және мамандардың тәжірибесін жинақтау мақсатында «Психикалық дамуы тежелген оқушылармен  жүргізілетін түзету-дамытушылық жұмыстарының әдістемесі» тақырыбы бойынша семинар өтті. Семинарға қаланың жалпы білім беру мектептерінің және балабақшалардың 27 логопед, дефектолог-мұғалімдері қатысты. Семинардың ашылуы мектеп директоры Б.В. Сәрсембаеваның кіріспе сөзімен басталды. Баян Вахитқызы мектептің білім беру іс-шаралары, оның жетістіктері жайлы толық баяндап берді. Мектепте 9 - КРО сыныбы бар, онда 60 бала оқытылатының айтты. Бастауыш сыныбының мұғалімі  Г.Ш. Канафина 3 –ші сыныпта математика пәнінен  «Ойланып, есепті шығар» тақырыбында түзету – дамытушылық  сабағын өткізді.  Логопед - мұғалімі Л.Г. Акишева «С-Ш дыбыстарының дифференциациясы. Мамандықтар» атты логопедтік сабақ өткізді. №11 ОМЛ логопед - мұғалімі Т.А. Ткаченко «Бастауыш сынып оқушылардың оқу мен жазу тілі бұзылыстарын  жою мақсатында  логопедтік жұмыс жүргізу»  тақырыбында  баяндама оқыды (іс - тәжірибесінен). Дөңгелек үстел барысында семинардың қатысушылары KРO класстарындағы ашық сабақтарды талдап, пікір алмасып, Семинардың ұйымдастырылуына және Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицей мамандарының жұмысына оң баға берді.

 

Просмотров: 574


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст