Мектепке дейінгі жастағы баламен ұсақ қол моторикасын дамыту және түзету бойынша жұмыстарды үзбей жалғастыру қажет. Баланың қызығушылығын ояту масатында әр тапсырманы ойын түрінде беру қажет. Ойын баланың көңіл-күйін көтеріп, жақсартады, жағымды эмоциялар туғызып, жұмыс ітеу қабілетін жақсартады, психикалық тонусты жоғарлатады.
Қолдың ұсақ моторикасын дамытуына байланысты оқу іс әрекеттерді қолдың саусақтарын, саусақтың ұштарын өздік массаж элементтер жасау арқылы бастауды ұсынады. Кейбірде педагог массаж жасауға көмек көрсетуге міндетті. Массаж гимнастиканын түріне жатады. Массаж арқылы тері және бұлшық еттерде импульс пайда болады.
Массаж түрлері:
Бір оқу іс әрекетінде 5-6 жаттығудан артық жасалмайды. Жалпы жаттығу кешенін үш құрамға бөлуге болады:
Саусақ гимнастикасы логопедтік тәжірибеде қолданады. Саусақ ойындары – қолдың ұсақ моторикасын дамытудағы негізгі бөлім болып табылады. Бұл ойындар өте қызықты, тілдің дамуына жағдай туғызады, шығармашылыққа жетелейді. Саусақтар ойыны – рифмдары келтірілген оқиғаларды, ертегілерді саусақ арқылы қойылым жасау. Балалар көлеңкелік ойындарды жақсы көреді. Бұл ойындар есте сақтау қабілеттерін жинақтауға үйретеді. Бастапқы кезде оңай қимылдардан басталады, ақырындап күрделенеді. Ойын кезінде педагог қол саусақтарын дұрыс жағдайда ұстауын бақылайды, бала қиналған кезінде жәрдем көрсетеді, қолдайды, бос қолмен бағыттауға үйретеді. Ойын басталар кезінде сөзбен түсіндіріп, нұсқаулар береді, өзі көрсетеді, балалар қайталайды. Келесі оқу іс әрекеттерде көрсетпейді, тек сөзбен түсіндіріп, бағыт береді.
Саусақтарға және саусақ ұштарына түрлі заттарды қолдану арқылы жаттығулар:
Дефектолог-педагогтың жұмысы нәтижелі болады егер әр оқу іс әрекетінде қол соғу, үстелді тарсылдату болса.
Жазуға дайындық жұмыстары
Жазу – күрделі координациялық іс әрекет. Бұл іс әрекет қолдың, саусақтардың ұсақ бұлшық еттерінін дұрыс координациялық қимыл жасауында.
Тәрбиеші немесе дефектолог баланы жазу қабілеттеріне үйреткен кезінде келесі жағдайларды сақтауға міндетті:
Штрихтау, графикалық диктант, жазба әріптердің элементтерін жазу қол саусақтарынын бұлшық еттерін дамытады, оларды көру арқылы, іштей тілдік дамуы жүреді, логикасы дамиды.
Жоғарыда аталған әрекеттерді күнделікті жиі-жиі өткізілсе, жүйелендірсе, нәтиже шығатынына көзіміз жетті.