Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз»  балабақшасы МКҚК
ГККП детский сад «Жулдыз» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №2 «Жұлдыз» балабақшасының кеңестік пункті ұйымдастыру және жұмыс істеу туралы ережесі

15.11.2017

1.Жалпы ережесі

1.1. МКҚК №2 «Жұлдыз» балабақшасының кеңестік пункті туралы осы Ереже «Ата-аналарға арналған кеңестік пунктің қызметін ұйымдастыру туралы» (Ереже-ары қарай) Ережеге сәйкесөңделіп жасалды.

1.2. №2 «Жұлдыз» балабақшасының Ережесі балабақшаға келмейтін үй жағдайындағы тіл мүкістігі бар балалардың ата-аналары үшін педагогикалық-психологиялық тәрбиелеу және дамыту сұрақтары бойынша ақпарат алуына арналған кеңестік пунктің қызметін реттеп отырады.

1.3. Мектепке дейінгі жалпыға бірдей білім беру бағдарламасын пункті ұйымдастырылады және инфраструктуралық аймақ болып табылады.

 

2. Кеңестік пунктің мақсат-міндеттері

2.1.  Ата-аналарға арналған кеңестік пунктің мақсаты балабақшаға келмейтін 3-6 жастағы балалардың отбасы мүшелерін тәрбиелеу мен дамыту сұрақтары бойынша психологиялық-педагогикалық жағынан ақпараттау және әдістемелік кеңестік көмек жасау болып табылады.

2.2. Мектепке дейінгі ұйымдағы ата- аналардың кеңестік пунктінің негізгі міндеттері:

-мектепке дейінгі жастағы балаларды (заңды тұлғаларға) үй жағдайында тәрбиелеп отырған ата-аналарға тәрбиелеу, оқыту және дамыту сұрақтары бойынша кеңестік көмек беру;

-мектепке дейінгі жастағы тіл мүкістігі бар балалардың ата-аналарына балаларды тәрбиелеу сұрақтары бойынша кеңес беру;

-баланы әлеуметтендіруге көмек беру;

-тілінің дамуында мукістігі бар  баланың білім алу жолын анықтау.

 

3. Ата-аналардың кеңестік пункт қызметінің негізгі мазұны

3.1.Ата-аналарға кеңестік және әдістемелік көмектің ұйымдастырылуы (заңды тұлғаларға) мектепке дейінгі ұйым мамандарының қызметінің ықпалдастық негізінде құрылады.

3.2. Ата-аналарға кеңес беру қызметін (заңды тұлғаларға)бір уақытта бір немесе бірнеше мамандармен жүргізуге болады .

3.3. Ата-аналарға арналған кеңестік пунктінің ұсынатын қызмет түрлері, кеңестер, теориялық және тәжірибе жүзіндегі семинарлар:

-ата-аналарды баланың психологиялық және дене тәрбиесінің даму ерекшеліктері туралы ақпараттау, дағдарысты жеңуге бағытталған тәрбиенің негізі бойынша кеңес беру (психологиялық, әлеуметтік , педогогикалық);

-отбасындағы үлкендердің баламен арасында жағымды қарым-қатынас қалыптастыру және туындаған мәселелердің бетін қайтару бағыты бойынша ата-аналарды (заңды тұлғаларға) ақпараттау.

 

4. Ата-аналарға арналған кеңестік пункт қызметін ұйымдастыру

4.1.Ата-аналарға арналған кеңестік пункт Көкшетау қаласы білім бөлімінің келісімімен, мектепке дейінгі ұйымның қажетті жағдайының болуы және кадрмен қамтылуы бойынша бұйрығының негізінде ашылады.

4.2. Ата-аналарға арналған кеңестік пунктінің жұмысын басқаратын жалпы міндет мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісіне жүктеледі.

4.3. Кеңестік пункт жұмыс кестесіне байланысты педагог-психолог кабинетінде жұмыс істейтін болады.

4.4. Кеңестік пунктінің қызметін ұйымдастыруды басшылыққа алу және басқару осы Ережеге және мектепке дейінгі ұйымның Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

4.5. Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі ата-аналарға кеңестік пунктінің жұмысын ұйымдастырады, сонымен қатар:

-ата-аналарға арналған кеңестік пунктінің жұмысын кестеге сәйкес қамтамасыз етеді;

-ата-аналарға арналған кеңестік пунктінің жұмысын ата-аналардың сұранысына сәйкестендіре отыра жобалап жылдық жоспары жасалынады;

- ата-аналарға арналған кеңестік пункт мамандарының міндеттерін анықтайды;

- ата-аналарға  арналған кеңестік пункт мамандарының жұмысын есепке алуды жүргізеді;

-мектепке дейінгі ұйымда ата-аналарға арналған кеңестік пункт жұмыс істейтіні туралы тұрғындарға 

ақпарат құралдары, соның ішінде балабақшасының Интернет-ресурс http://ds0014. kokshetau.fkmoedu.kz/; арқылы қосымша ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

-кеңестік материалды дайындауға жауапты маман тағайындайды;

-тақырыптық кеңестің материалы мектепке дейінгі ұйымның ресми Интернет-ресурсында жарияланады;

4.6.Ата-аналарға арналған кеңестік пункте ата-аналарға қызмет етуге мына мамандар тартылады:

- меңгеруші;

- әдіскер;

-логопед-дефектолог;

-педогог-психолог;

-мейірбике;

-дене тәрбие нұсқаушысы;

4.7. Мамандар өз құзырлығы бойынша ата-аналарға ұсыныстар береді және кеңестер өткізеді.

4.8. Ата-аналарға арналған кеңестік пункт жұмысының түрі:

-кеңестер, семинар-практикумдар, тренинг жаттығулары, іскерлік ойындар;

-сенім телефоны арқылы, ата-аналар поштасы.

 

5. Ата-аналарға арналған кеңестік пункт жұмысының жүейсі

5.1.Қызмет ақысыз жүргізіледі. Ата-аналар кеңестік пунктке телефон соғу арқылы кеңес ала алады немесе қажетті нақты маман иесімен жеке алдын ала келісе отыра кездесуіне болады.

5.2. Маман ата-ананың алдын ала жазылған өтінім сұранысын және телефонын тіркеу Журналына белгілейді (Ережеге 2 косымша).

5.3.Ата-аналар арнайы маманға кеңеске келген кезде тіркеу қағазын толтыруы тиіс (Ережеге 1 қосымша).

5.4. Дамуына ерекшелігі бар балалар қажеттілік туындаған жағдайда, ата-аналарының  (заңды тұлға) келісімімен психологиялық-педагогикалық –медициналық комиссияға (ПМПК)  жіберіледі немесе қажетті бағыт бойынша жұмыс

жасайтын арнайы маманның кеңесін алады.

 

6. Ата-аналарға арналған кеңестік пунктің құжаттары

6.1. Ата-аналарға арналған кеңестік пунктің қызметі келесі құжаттармен регламенттеледі:

-кеңестік пункт жұмысының жылдық жоспары;

-кеңестік пункт мамандарының жұмыс кестесі;

6.2. Кеңестік пункт қызметін есепке алу үшін келесі құжаттар толдырылады:

-тіркеу парағы (Ережеге 1 қосымша)

- ата-аналарды алдын ала жазу және телефондарын тіркеу(Ережеге 2 қосымша);

-кеңестік пунктің жұмысын есепке алу (Ережеге 3 қосымша);

 

7. Қаржыландыру

7.1. Кеңестік пунктің жұмыс істеуіне қосымша қаржы бөлінбейді.

7.2. Кеңестік пункте жұмыс істейтін мамандарға қосымша ақы төленбейді, өйткені кеңес беру маманның жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

Просмотров: 511


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст