Мақсаты: балабақшада – баланың денсаулығын сақтау, дене және ақыл-ой қабілетін маңызды роль атқаратыны туралы педагогқа түсіндіре отырып, серуенді ұйымдастыру жолдарын үйрету.
Серуен мектепке дейінгі мекемеде балалардың өміріндегі күн тәртібінің ең маңызды бөлігі.
Серуеннің мақсаты- балалардың денсаулықтарын нығайту, шаршаудың алдын алу, дене және ақыл –ой қабілеттерінің дамуы.
Серуеннің міндеттері: табиғи жағдайларда ағза шынығуына әсер ету балалардың әлеуметтік –жеке тұлғалық, танымдық –тілдік дамуына ықпал ету. Балалардың қозғалыс белсенділігін арттыру.
Серуенге дайындалуға және оралуға қойылатын талаптар:
Тәрбиеші қабылдау бөлмесіне топ балаларының бір бөлігін шығарып, жәй киінетін балаларды қосады. Тәрбиеші көмекшісі екінші топтамадағы балалармен гигиеналық жұмыстарды өткізеді және қабылдау бөлмесіне шығарады.
Тәрбиеші бірінші топ балаларымен серуенге шығады, тәрбиеші көмекшісі екінші топтағы тәрбиеленушілерді киіндіру кезінде көмекке балабақша, медицина қызметкерлерді жұмылдырылады.
Денсаулығы нашар балаларды серуенге екінші топпен шығарып, бірінші топпен ішке кіргізу керек.
Серуеннен оралу
Тәрбиеші көмекшісі алаңнан бірінші топты алып кетеді. Екінші топтағы балалар тәрбиешімен бірге 10-15 мин. Серуенге қалады. Тәрбиеші көмекшісі балалардың мойын орағыштарын шешуге, сырт киімдерін шешіп
шкафтарға салуға көмектеседі. Жаз мезгілінде серуеннен келген балалардың аяқ-қолдарын жуғызып, гигиеналық жұмыстарды ұйымдастыру қажет.
Серуен құрылымы
Бақылау, жеке жұмыс, қимылды ойындар, еңбек, балалардың өзіндік іс-әрекеттері.
· Қимылды ойындар
· Қимылды ойындардың 2-3 түрі белсенді, 2-3 түрі орташа және жәй қимылдауға арналған ойындар болуы қажет. Ойын түрлері де жыл мезгіліне байланысты таңдалып ойынатылады. Жылдың салқын кезінде белсенді ойындар ойнағаны дұрыс.
· Мысалы: сырғанау, жүгіру, секіру. Мұның бәрі балаларға жағымды көңіл-күй сыйлады. Ауа –райының жылы мезгілінде жәй қимылды ойындар ойнатылады.
Жәй ойындар: мазмұнды –рольдік ойындар, табиғи материалдармен дидактикалық тапсырмалар, өзіндік еркін ойындар ойнатылады.
· Еңбек
· Тәрбиеші ойыншықтарды жинауға дағдыландырады
· Серуеннен кейін алаңға тазалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсетеді, өсімдіктерді күту және т.б.
Серуен алаңының жабдықталуы.
Алаңда
· Қимылды ойындарға;
· Құм, су, құрылыс материалдармен;
· Шығармашылық ойындарға арналған орын болуы қажет.
Балалардың жан-жақты дамуы тек қана үлкендердің көмегі арқылы жүзеге асады. Тәрбиеші серуен кезінде балалардың қауіпсіздігін, қамтамсыз ете отырып, баланың іс –әрекетінің үнемі бақылауда ұстауға қажет.