Әр мезгілдің өзіндік әдемілігі бар, әсіресе күз айының кереметтілігі, сары алтындай боялған жапырақтар, жазық даланы жамылып ерекше көңіл күй сыйлауда. Сары түс тұрақтылықтың белгісі, байлықтың бағы. Жерді жапқан сары кейіпке, аспанда алаңсыз қараған сары күн шағылысқанда алтындай сәуле беретін осындай күздің сарғылт күңіне ата бабамыз «Алтын күз» деген ат берген. Сол атауды ұмыт қылмай, жадымызда сақтап, өскелең ұрпаққа әр жыл сайын мереке ретінде өткізудеміз. Біздің №2 «Жұлдыз» бала бақшасының «Көжектер» тобында «Алтын күз» атты ертеңгілік өтті. Балалар «Алтын күз» мерекесіне арналған тақпақтарын үш тілде айтып, «Жапырақтар», «Қолшатыр», «Саңырауқұлақтар» билерін биледі. Балалар күз мерекесіне арналған «Кім жылдам», «Қатты – қатты – ақырын» атты ойындарды қызыға, тартыса ойнап және «Күз жомарт», «Алтын күз», «Қолшатыр», әндерін шырқап баршамызға көтеріңкі көңіл – күй сыйлады. Мерекенің соңында қонаққа келген Күз ханшайымы балаларға күздің сыйы ретінде жемістерді сыйға тартты. Өткізілген осы мерекелік іс – шара балалардың көңіл – күйін бір көтеріп қалды.