25. 10. 2017 жылы №2 «Жұлдыз» бала бақшасында Ақмола облыстық біліктілік арттыру курсының тыңдаушыларына арналған көшпелі практикалық сабақтардың бағдарламасы бойынша семинар өтті. №2 «Жұлдыз» бала бақшасының меңгерушісі Курмашева Н.Ж. балабақшада денсаулық сақтау технологияларын қолдану бағытында өткізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, семинарға келген қатысушыларды жұмыс жоспарымен таныстырды. Семинар балалардың музыкалық сәлемдесумен жалғасты. Содан кейін қатысушылармен психологиялық тренинг өткізілді. Жоспар бойынша тәрбиеші Омарова А.С. «Балабақшада денсаулық сақтау технологияларын қолдану» тақырыбында слайд арқылы презентация жасады. Логопед Бекимова Н.К., тәрбиеші Курмангожина А.М. «Ойнап, үйренеміз» атты шеберлік сынып көрсетті. Олар өз ойларын толық, жүйелі түрде айтып берді. Дене шынықтыру нұсқаушылары:Кибатова Б.Ж., Иванова О.В ашық сабақтарында денсаулық сақтау технологияларын тиімді түрде қолдана білді.Балалар түрлі кедергілерден өтіп, барлық жаттығуларды жылдам, дұрыс орындады.Сабаққа қатысқан кейіпкерлер: Күз Ханшайымы, Орманшы атай, Қарақшы өз рөлдерін қызықты да, тартымды ойнап, балаларды қуанышқа бөледі. Педагогтар денсаулық сақтау технологияларын қолдану тақырыбында өздерінің іс-тәжірибесінде қолданатын әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, пайдалы кеңестер айта білді. Ақмола облыстық біліктілік арттыру курсының тыңдаушылары педагогтарға өз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.