2017 жылдың 16 қазаннан 20 қазан аралығында №2 «Жұлдыз» балабақшасында 2014 жылы туған жаңадан келген тәрбиеленушілерге, педагог-психолог А.М. Абилова, логопед-дефектолог Н.К. Бекимованың және ата-аналардың қатысуымен психолого-медико-педагогикалық консилиум өткізілді. Балаларға психологиялық-педагогикалық көмекті уақытында көрсету үшін, балалардың сөйлеу тіліннің дамуын, танымдық қабілеттерін, жеке мінез - құлықтарын,психофизиологиялық ерекшеліктерін аңықтау мақсатында тексеру жүргізілді. Консилиумнің сәтті өтуі үшін тәрбиешілермен алдын-ала әңгіме жүргізілді, балалар мен ата-аналарды қабылдау кестесі дайындалды. Сонымен қатар негізгі зерттеу бағыттары аңықталды: медициналық (бала туралы анамнестикалық ақпараттарды жинау үшін сауалнама), психолого-педагогикалық (баланың бақылау картасы). Диагностикалық тапсырмалар, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ойындар таңдалып алынды («геометриялық пішіндерді көрсет және айт», «пирамиданы құрастыр», «суретті құрастыр» т.б.) Консилиум барысында мамандар 34 баланы тексерді, олардың ішінде «Балдырған» тобынан 10 бала, «Қошақан» тобынан 3 бала (орыс тілінде оқытылатын), «Бөбектер» тобынан 2 бала, «Қонжық» тобынан – 9 бала және «Аққу» тобынан 10 бала қазақ тілінде оқытылатын.
Тексеріс кезінде әр ата-анаға ұсыныстар берілді.
Ата-аналарға ұсыныстар:
- Коммуникативті дағдыларын дамыту
- Өз туралы және қоршаған орта жөнінде білімдерін кеңейту
- Сенсорлық этолондарын дамыту (геометриялық пішіндерді, негізгі түстерді білу)
- Кеңестік – уақытылы танымдылықтарын дамыту (жыл мезгілі, тәулік уақыты, (таң, күн, түн))
- Математикалық ұғымдарын дамыту (5 – ке дейін санау («біреу-көп» түсінігін бекіту)
- Жалпы және ұсақ моторикаларын дамыту.
- Құрастыру пратикасын дамыту (кесілген суретерді жинау, таяқшалардан құрастыру)
- Ықылыас, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
- Сөйлеу тілін дамыту (сөздік қорын байыту, сөзді буынға бөлу ережесін қайталау, сөйлемді байланыстырып сөйлеуді дамыту (сюжеттік сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру).