Біздің «Жұлдыз» балабақшасында Тіл апталығына жоспар құрылып, жоспар бойынша тәрбиелік
мәні бар көптеген іс-шаралар өткізілді. Топтарда тәрбиешілер Тілдер мерекесіне арналған «Тілдер – достық құралы» тақырыбында әңгіме өткізді. Ересек топтарындағы тәрбиешілердің тақырыптық сабақтары жүйелі түрде, тартымды болып өтті. Қазақ тілі мұғалімі ересек топтың арасында «Менің сүйікті ертегім» тақырыбында байқауын өткізді. Байқауға қатысқан балалар, өздерінің сүйікті ертегілерін қазақша мәнерлеп айтып беруге тырысты. Балаларды үш тілде сөйлеуді дағдыландыру мақсатымен орыс тілі мұғалімі Бекмагамбетова Б.С., қазақ және ағылшын тілі мұғалімі Токсанбаева З.Е ересек және ортаңғы топтармен «Жемістер мен көкөністерді білесің бе?» деген сайысты ұйымдастырды. Орыс тілі мұғалімі ортаңғы және екінші кіші топ балаларымен «В мире сказок» ертегілерге саяхат жасады. Балаларды сөйлетіп, қызықтыра алды. Дене шынықтыру нұсқаушысы Кибатова Б.Ж. ересек топтың балаларымен «Жайляуға саяхат» атты ойын– сауық өткізді. Балалар ойын – сауық барысында ұлттық ойындарға белсене қатысты. Музыка жетекшілері, орыс тілі мұғалімі, қазақ, ағылшын тілі мұғалімі ересек топ балаларға арнап, тәрбие сағатын ұйымдастырды. Балалар қазақ, ағылшын, орыс тілі сабақтарынан алған білімдерін көрсете білді. Мұғалімдер балалардың шығармашылығын, белсенділігін арттыра отырып, бір – біріне достық, жолдастық, көмек көрсету сезімдерін нығайтты. Тіл апталығы өте қызықты, көңілді өтті.