Жаз мезгілі болса да балалар әрдайым шығармашылық танымдық жұмыстарымен ой өрістерін кеңейтуде. Жаз мезгілінің әр апта күндері маусымдық тақырыптық жоспарға сай құрылған. Балабақшада жас ерекшеліктеріне сай жоспар бойынша әртүрлі оқыту тәрбиелеу іс-шаралары ұйымдастырылып өткізіліп отыр. Осы апта экология тақырыбына арналған болғандықтан балалармен аула маңында ұшып жүрген құстар мен жәндіктерге, балабақша ауласына отырғызылған гулдерге, бақылау жұмысын жүргізіп, олардың адам өмірінде қандай пайдасы бар жайлы мағұлмат алды. Сонымен қатар оларды еңбекке баулып күтіп баптауға, үлкеннің еңбегін бағалауға, табиғатты қорғауға деген сезімдерін оята отырып тәрбиеледік. Сондай-ақ балалармен тақырыпқа байланысты әртүрлі дидактика-лық, дамытушылық, сөздік ойындар арқылы алған білімдерін толықтырдық.