Текст
Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық-денсаулық деп санаған. Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. «Дәрумендер - денсаулық кепілі» болғандықтан, балалаларға дәрумендердің ағзадағы рөлі және дәрумендер жетіспегеннен болатын аурулар, көкөністер мен жеміс жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру мақсатында біз өзіміз тобымызда қызықты да пайдалы іс шара өткіздік «Дәрумендер әлеміне саяхат». Дәрігер ретінде келген кейіпкер балаларды қызықтыра білді, олар қызығушылықпен тыңдап өздері қатысып осы іс шарадан жақсы көңіл күйде болып әсерленді.