Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі
мейрамына айналған. «Наурыз» сөзі – біріншіден, «жаңа күн», дегенді білдіреді, екіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі, сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам. Наурыз мерекесін әр адам, әр бала күтеді, дайындалады. №2 «Жұлдыз» балабақшасында да Ұлыстың ұлы мерекесі де тойланып, әр түрлі іс- шаралар өтілді. «Қонжық» ересек тобында «Қош келдің, Әз Наурыз» атты ертеңгілік өтті. Мерекенің сәні болып балаларымыз ұлттық киімді киіп, жыр шумақтар айтып, ән айтып би биледі. Қыдыр атаның бата тілегін алып, Алдар көсе балалармен ұлттық ойындар ойнатты. Балалар өз жеті атасын айта білді, сүттен жасалатын тағамдарды, ұлттық салт-дәстүрлерді айтты. Осындай ұлттық мерекелер көп болсын. Наурыз мерекесі құтты болсын!