Көктемнің шуақты күні наурыздың екінші жұлдызында №2 «Жұлдыз» балабақшасында «Бөбектер» тобы бүлдіршіндерінің, аяулы аналар мен ақ жаулықты әжелерімізге арналған «Ақ тілекті - Анашым», атты ертеңгілігі болып өтті. Ертеңгілік өте жақсы, деңгейде өтті. Сәбилеріміз көктем туралы, аналары мен әжелеріне арнап әсем ән шырқады. Кішкентай жігіттеріміз «Джентельмен» боп би биледі, әсем аруларымыз көбелектей құлпырып өз өнерлерін көрсетті. Жас бүлдіршіндер мәнді де мәнерлі тақпақтарын айтты. Көктем ханшайымы балаларға қуаныш, көтеріңкі көңіл – күй сыйлады. Таңғажайып «Гүл жинау», «Жаңбыр тамшылары» ойындары өткізілді. Бүгінгі өткізілген ертеңгілігімізге ата – аналар да қатысты. Ертеңгілік соңында бүлдіршіндер аналарынына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етті. Аналарымыздың жүректері елжіреп балапандарына риза болды. Мереке соңында бөбектеріміздің көңіл - күйлері өте көтеріңкі, қуаныштан, бақыттан көздері бал – бұл жайнап тұрды.