ЖРВИ мен тұмау-бұл тыныс жолдарының, вирустар туындататын ең көп таралған аурулары. Олар науқас адамнан ауа – тамшы жолымен жұқтырылады. Негізгі белгілері: мұрынның бітелуі, тамақтың жыбырлауы, дауыстың қырылдауы, жөтел, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бұлшық еттердің ауырсынуы және т.б. ЖРВИ мен тұмау балаларда құсумен, іш өтумен, тыныс алуының қиындауымен білінуі мүмкін.
ЖРВИ мен тұмау ауруы көбейген кезеңде ауру жұқтырудан қалай сақтануға және қалай асқындырмауға болады:
· Отбасында, жұмыста ауру адам бар болған кезде міндетті түрде бетперде кию керек
· Мұрынның сілемейлі қабатын, әсіресе үйден шығар кезде оксолин майымен майлау керек
· Адамдар көп жиналатын жерге бармау керек
· ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы профилактикасы үшін дәрі қобдишасының болуы (термометр, бетперде, аскорбин қышқылы, интерферон, оксалин майы, мұрынға тамызатын тұзды ертінділер)
· Жеке тазалықты сақтау, қолды жиі жуу
· Ұдайы ылғалды тазалау шараларын жүргізіп, үй – жайды желдетіп отыру керек.