«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі Бірыңғай тізілімді құрайды. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бала бақшасының Тізілімі - 2 қызмет.
1. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау».
2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»
Өткен 2017 жыл кезеңінде барлығы - 190 қызмет көрсетілді.
1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау- 185 бала.
2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» - 5 педагог.
Қағаз түрінде – 190 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну бойынша мерзімдерді бұзушылықтар болған жоқ.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрғысында халыққа қолжетімді және ақпараттандыру мақсатында бала бақшасының қабылдау бөлмесінің көрнекі ақпарат стендінде ілінген (стандарттар, өтініш үлгілері және т.б.).