Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз»  балабақшасы МКҚК
ГККП детский сад «Жулдыз» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Аналар – асыл қазынам»

07.03.2018

Көктемнің шуақты күні наурыздың алтыншы жұлдызында №2 «Жұлдыз» балабақшасының ортаңғы «Бөбектер» тобы бүлдіршіндерінің, аяулы аналар мен ақ жаулықты әжелерімізге арналған «Аналар – асыл қазынам», атты ертеңгілігі болып өтті. Іс – шарамыз  өте жақсы, деңгейде өтті. Ертеңгілікке Көктем аруы, Қызыл телпек, Қасқыр кейіпкерлері келді.  Бүлдіршіндер  аналарына, әжелеріне арнап тақпақтар мен әсем «Сұлу көктем», «Әжем менің», «Анам - әжем» әндерін шырқады. Қыздарымыз  «Үш ана» көрінісін көрсетті. Жігіттеріміз «Джентельмен»  боп би биледі, әсем аруларымыз қызғалдақтай құлпырып «Қызғалдақтар», «Қуыршақтар» биін  билеп өз өнерлерін көрсетті. Көктем аруы балаларға қуаныш, көтеріңкі көңіл – күй сыйлады. Аналармен, балалармен қызықты ойындар ойнатылды «Балалық шаққа саяхат», «Анаңды суретпен  әшекейле»  ойындары өткізілді. Ертеңгілік  соңында бүлдіршіндер  аналарынына 

Көктем дейін  құлпырады көңілің,

Қуантады  сені қызың, сені ұлың,

Біздің мынау сыйымызды қабыл,

Осы гүлдей жайнай берсін өмірің, -  деген өлең жолдарында жазылғандай,  өз қолдарымен жасаған роза гүлдерін аналарына сыйға тарту етті. Аналарымыздың жүректері елжіреп, көздеріне еріксіз жас келді, балапандарына шексіз риза болды. Ертеңгілік  соңында бүлдіршіндердің  көңіл - күйлері өте көтеріңкі, қуаныштан, бақыттан  көздері бал – бұл жайнап тұрды. Ата – аналарымыз дән риза болып тәрбиешілерге ризашылықтарын білдірді.

 

Просмотров: 410


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст