Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы

Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы

Күні: 03.11.2020ж.

Қатысқандар:11

Қатыспағандар:0

Шақырылғандар:

1.А.М.Абдрахманова – меңгеруші

2.А.К.Кабдулинова – әдіскер

Өткізу форматы:қашықтықтан, ZOOM  арқылы

 

Күн тәртібі

1."Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен таныстыру.

2. Карантиндік іс-шаралар кезіндегі МДҰ режимі бойынша ақпарат

3.  2020 – 2021 оқу жылдарына МКҚК №2 «Жұлдыз» балабақшасының қамқоршылық кеңесінің  құрамын бекіту. Қамқоршылық кеңесінің төрағасын  және хатшыны сайлау

Тыңдалды:

1.Бірінші сұрақ бойынша балабақшаның меңгерушісі А.М.Абдрахманова қамқоршылық кеңесінің мүшелерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген қамқоршылық кеңестің типтік ережелерімен таныстырды.

2. Екінші сұрақ бойынша балабақшаның меңгерушісі А.М.Абдрахманова сөз сөйледі.Ол қамқоршылық кеңес  мүшелерін карантиндік іс-шаралар кезінде МдҰ-ның жұмыс режимімен таныстырды.

3.Үшінші сұрақ бойынша  қамқоршылық кеңесінің  мүшесі тыңдалды.

Ол 2020-2021 оқу жылында қамқоршылық кеңесінің төрағасы ретінде  Гуденко Олеся Александровнаны  қайтадан сайлауға ұсынды,  ҚК мүшелерінің жаңартылған тізімімен таныстырды.

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері осы кандидатураға дауыс беруге ұсынылды.

Дауыс берудің қорытындысы:

«Дауыс бергендер» - 11         «Қарсы» -0     «Қалыс қалғандар»: -0

Хатшы ретінде А.Б.Каримова ұсынылды.

Қаулы:

1.Балабақшаның меңгерушісі А.М.Абдрахманованың ақпаратын назарға алу.

2. МДҰ режимі бойынша ақпарат карантиндік іс-шаралар кезінде назарға алынсын.

3.Қамқоршылық кеңесінің құрамындағы 11 адамды бекіту (тізімі қоса беріледі)  Қамқоршылық кеңесінің төрайымы ретінде  Олеся Александровна Гуденконы,  хатшы ретінде  Асемгуль Бекеновну Каримованы тағайындау.

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы:        Гуденко Олеся Александровна                

Хатшы: Мылкина Кристина Ильинина

Текст